Қор нарығында доллар арзандап, теңге нығайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

доллар
Фото: pexels.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,63 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 506,21 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 508 теңге. Еуро 568 — 574 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 512 теңге, сатып алу құны — 506 теңге.

Еуро 565 теңгеден сатып алынып, 572 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,19 - 6,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 14 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510,06 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,32 теңге. Еуро — 566,32.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар