Қор нарығында доллар арзандап жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,37 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 516,13 теңге.
Ұлттық банктің 28 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 516,77 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,33 теңге. Еуро — 542,87.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 516,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 519,3 теңге. Еуро 539,5 - 543,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 520 теңге. Еуро 539 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15 - 5,27 аралығында саудаланып жатыр.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.
Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.