Қор нарығында доллар бағамы қайта көтерілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады.

Қор нарығында доллар бағамы қайта көтерілді
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,45 теңгеге қымбаттап, 502,27 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 501,79 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 503,10 теңгеден сатып алынады, 505,30 теңгеден сатылады. Еуро 593,64 – 597,85 теңге, ал рубль 6,46 – 6,57 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,43 теңгеден сатып алынады, 76,13 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 500,00 теңгеден сатып алынады, 507,00 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу - 591,00 теңге, сату - 601,00 теңге;

– рубль: сатып алу - 6,30 теңге, сату - 6,60 теңге.

– юань: сатып алу - 74,25 теңге, сату - 78,47 теңге.

Еске салайық, 26 қаңтар күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,4 теңгеге арзандап, 501,79 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар