Қор нарығында доллар бағамы өсті
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,34 теңгеге қымбаттап, 503,90 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 502,27 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 502,91 теңгеден сатып алынады, 505,26 теңгеден сатылады. Еуро 601,38 – 606,40 теңге, ал рубль 6,49 – 6,60 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,37 теңгеден сатып алынады, 76,04 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
– доллар 503,00 теңгеден сатып алынады, 510,00 теңгеден сатылады;
– еуро: сатып алу - 597,00 теңге, сату - 607,00 теңге;
– рубль: сатып алу - 6,40 теңге, сату - 6,70 теңге.
– юань: сатып алу - 74,26 теңге, сату - 78,49 теңге.
Еске салайық, 27 қаңтар күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,45 теңгеге қымбаттап, 502,27 теңге болды.