Қор нарығында доллар бір теңгеге арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 509,51 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 509 теңге. Еуро 570 — 574 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 508 теңге. Еуро 567 теңгеден сатып алынып, 575 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,22 - 6,40 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 16 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510,58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,34 теңге. Еуро — 571,80.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.