Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,26 теңгеге арзандап, 524,32 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 524,65 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 524,17 теңгеден сатып алынады, 526 теңгеден сатылады. Еуро 607,13 — 611,25 теңге, ал рубль 6,42 — 6,53 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 74,12 теңгеден сатып алынады, 76,63 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 521,66 теңгеден сатып алынады, 528,66 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 604,53 теңге, сату — 614,51 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,45 теңге, сату — 6,60 теңге.
— юань: сатып алу — 74,92 теңге, сату — 78,97 теңге.
Еске салайық, 12 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,61 теңгеге арзандап, 524,65 теңге болды.