Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті.

теңге доллар
Фото: Kazinform/ Pixabay

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,06 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 510,58 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 511 теңге. Еуро 570 — 575 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 509 теңге. Еуро 568 теңгеден сатып алынып, 575 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,19 - 6,35 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 15 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 506,21 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,30 теңге. Еуро — 568,42.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар