Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті.

тенге, доллары, евро, рубль, курс
Фото: Александр Павский / Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,69 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 510,81 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 510 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 578, сату құны — 583.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 508 теңге. Еуро 576 теңгеден сатып алынып, 583 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,35 — 6,57 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 30 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 509,26 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,46 теңге. Еуро — 574,75.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар