Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,84 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 510,84 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 511 теңге. Еуро сатып алу бағамы – 579, сату құны – 584.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 514 теңге, сатып алу құны – 508 теңге. Еуро 575 теңгеден сатып алынып, 582 теңгеден сатылып жатыр.
Қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,28 - 6,45 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 23 мамырға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 507, 07 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,37 теңге. Еуро – 572,53.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.