Қор нарығында доллар қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті.

доллар, тенге
Фото: Александр Павский / Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,55 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 511,37 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 511 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 581, сату құны — 585.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 508 теңге.

Еуро 577 теңгеден сатып алынып, 584 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,30 - 6,45 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 2 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,51 теңге. Еуро — 578,59

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар