Қор нарығында доллар қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 0,14 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 511,04 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 510,6 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 581, сату құны — 586.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 508 теңге. Еуро 579 теңгеден сатып алынып, 586 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,29 — 6,47 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 26 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510, 84 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,39 теңге. Еуро — 579,7.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.