Қор нарығында доллар тағы арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

доллар
Фото: freepik.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,67 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 495,28 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 503 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498 теңге. Еуро 520 — 524 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 502,7 теңге, сатып алу құны — 496,7 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 517 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,37 - 5,52 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 14 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 497,88 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,44 теңге. Еуро — 518,59.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.