Қор нарығында доллар тағы арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,56 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 518,34 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 519 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 607, сату құны — 611.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 605 теңгеден сатып алынып, 612 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,55 - 6,70 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 10 шілдеге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,97 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,64 теңге. Еуро — 607,30
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.