Қор нарығында доллар тағы қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,13 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 518,81 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 518 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 596, сату құны — 600.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 595 теңгеден сатып алынып, 605 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,53 - 6,68 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 18 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 517,45 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,58 теңге. Еуро — 598,59.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.