Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті.

д
Фото: freepik

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,24 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 512,16 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 511 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 579, сату құны — 584.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 509 теңге. Еуро 579 теңгеден сатып алынып, 586 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,29 — 6,49 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 27 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 511, 04 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,41 теңге. Еуро — 581,72.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар