Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

Доллар
Фото: freepik.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,98 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 520,48 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 518,7 теңге. Еуро 569 — 576 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 518 теңге. Еуро 569 теңгеден сатып алынып, 575 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,92 - 6,04 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 9 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,57 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,05 теңге. Еуро — 566, 59.

Бұған дейін ақша айырбастау орындарында АҚШ ақшасының қымбаттағаны туралы жазған едік. 

Осыған дейін Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеген болатын. 

Бұдан бөлек, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтергені туралы жазған едік. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар