Қор нарығында теңге нығайды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 4,35 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 517, 84 теңге.
Ұлттық банктің 23 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 520,91 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,29 теңге. Еуро — 544,25.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521 теңге. Еуро 542 — 547 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 519 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 540 теңгеден сатылып, 546 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15 — 5,24 аралығында саудаланып жатыр.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.
Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.