Қор нарығында теңге нығайып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,61 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 518,50 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 518 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 601, сату құны — 605.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 597 теңгеден сатып алынып, 604 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,47 - 6,62 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 25 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 519,16 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,62 теңге. Еуро — 602,13
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.