Қордай асуындағы жол ашылды

АСТАНА. KAZINFORM - Қордай асуының жаңа айналма жолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жанданды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ бапасөз қызметі.

трасса, закрыта дорога, метель, автомобиль, буран, автожол, жол жабық, боран, көлік
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

«ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ деректері бойынша, 2025 жылғы 6 қараша сағат 01:00-де Жамбыл облысында ауа райының жақсарғанына байланысты «Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 159-238 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қордай асуының жаңа айналма жолы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды.

-«112» құтқару қызметінен ауа райының нашарлауына байланысты ауа райына байланысты ескерту туралы SMS-хабарлама алған кезде оларға назар аударыңыз. Елді мекендерден ұзақ сапарларға шығулардан аулақ болыңыз»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Жамбыл облысындағы жолда көліктердің қозғалысына шектеу қойылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар