Қордайда Қырғызстанның екі азаматы ауыр есірткінің аса ірі партиясымен ұсталды

ТАРАЗ. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Қордай ауылында Қырғызстанның екі азаматы ауыр есірткінің аса ірі партиясымен ұсталды деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

«13 наурыз күні ІІМ ЕКК, Жамбыл облысының ІІД ЕКБ қызметкерлерімен ІІБ жол полициясының басқармасымен бірге шұғыл іздеу шараларын жүргізу кезінде Қордай ауылына кіреберісте ВАЗ-21099 автокөлігі ұсталды, оның рулінде 37 жастағы Бішкек тұрғыны, салонда 46 жастағы Шу облысының тұрғыны болған. Машинаны қарау барысында қаптама астында жалпы салмағы 15 келі 025 гр «героин» есірткі заттары бар тоғыз брикет (полимер материалынан жасалған түйіншік) табылып, тәркіленді», - делінген құқық қорғау ведомствосының хабарламасында..

Жолаушы бұрын да Қырғыз Республикасының ҚК 246 бабы бойынша есірткі өткізгені үшін сотталғаны белгілі болды. Ұсталғандар Қордай АІІБнің уақытша ұстау абақтысына қамалды. ҚР ҚК 259 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар