Корея Елшілігі жанында 50-ден астам қазақстандық волонтер болып жүр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі «Friends of Korea» еріктілер ұйымын бекітті және онлайн эссе жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Аталған шаралар Корея мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығы аясында өтуде.

«Friends of Korea» ұйымы 2019 жылы қарашада Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшілігі жанынан құрылған. Бұл волонтерлік ұйым Корея мәдениетіне қызығушылық танытқан адамдарды таныстыру және тығыз өзара қарым-қатынас орнату, сондай-ақ бірлескен іс-шаралар өткізу үшін құрылған.


Салтанатты шараға Нұр-Сұлтан, Павлодар және Алматыдан келген волонтерлік ұйымдардың мүшелері жиналды. Қазақстан бойынша бұл ұйымдарда 50-ден астам жастар ерікті қызмет етеді. Сонымен қатар Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (KOICA) қазақстандық халықаралық студенттер қауымдастығының мүшелері және Нұр-Сұлтанның түрлі университеттерінің корей клубтарының студенттері қатысты. Қатысушылар ойын арқылы сөйлесіп, корей тағамдарын әзірледі.

«2022 – 2023 Friends of Korea» қызметі Корея мәдениетімен тығыз байланысты, олар 2023 жылдың соңына дейін Корея елшілігі ұйымдастырған түрлі іс-шараларға қатысады. Сондай-ақ «2022 – 2023 Friends of Korea» жария дипломатия, мәдениет, білім беру және қоғаммен байланыс саласындағы ерікті қызмет арқылы Корея мен Қазақстан қатынастарын нығайтуға үлес қосуды жоспарлап отыр.

Кореяның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок өзінің құттықтау сөзінде 1992 жылы екі ел дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанын, содан бері стратегиялық серіктестер және нағыз достарға айналып, түрлі салалардағы ынтымақтастықтың тамаша нәтижелеріне қол жеткізгенін атап өтті. Одан әрі елші Ку Хонг-сок «Friends of Korea» Корея мен Қазақстан қарым-қатынастарының дамуына үлкен үлес қосады деген үмітін білдірді.


Соңғы жаңалықтар