Қорғаныс министрлігінен ескерту: әскери техника жүріп өтеді

АСТАНА. KAZINFORM –  2025 жылғы 2-6 маусым аралығында Қарулы күштердің дайындық жоспарына сәйкес еліміздің бірқатар өңірінде әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік әзірлігін тексеру бойынша іс-шаралар өтеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қорғаныс министрлігінен ескерту: әскери техника жүріп өтеді
Фото: Қорғаныс министрлігі

2025 жылғы 2-6 маусым аралығында Қарулы күштердің дайындық жоспарына сәйкес еліміздің бірқатар өңірінде әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік әзірлігін тексеру бойынша іс-шаралар өтеді.

Тактикалық-саптық сабақтар шеңберінде бөлімшелерді дабыл бойынша көтеру, әскери техника лектерінің тұрақты орналасқан жерінен оқу-жаттығу аудандарына, полигондарға және оқу орталықтарына қозғалысы жоспарланған.

Жаттығулар тек оқу мақсатында өткізіледі. Ондағы мақсат — жауынгерлік дайындық деңгейі мен жеке құрамның іс-қимыл үйлесімділігін арттыру, сондай-ақ бөлімшелерді басқарудағы командирлік дағдыларды жетілдіру.

Әскери техниканың қозғалысы барлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, қатаң бекітілген бағдарлар бойынша жүзеге асырылатын болады.

— Азаматтарды өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарап, барынша сабырлы болуға және тексерілмеген ақпараттарды таратпауға шақырамыз, — делінген хабарламада. 

Айта кетелік қазақстандық әскери қызметші АҚШ-та рекорд орнатқаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар