«Көрінбейтін үкімет» әр адамның қажеттілігі мен мүддесін ескереді - Әлихан Смайылов
Іс-шараға Армения үкіметінің басшысы Никол Пашинян, Беларусь үкіметінің басшысы Роман Головченко, Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Қырғызстан үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин және Өзбекстан үкіметінің басшысы Абдулла Арипов қатысты.
Күн тәртібіне төрт мәселе қаралды. Олар - GovTech шексіз мемлекеттік қызметтер, FinTech яғни транзакцияларды оңтайландыру, жаңа технологиялар мен ІТ бизнес.
ҚР Премьер-Министрі өз сөзінде Қазақстан Үкіметі жыл сайын еліміздің ЖІӨ-дегі жаңа технологиялар үлесін ұлғайту үшін барлық қажетті шараларды іске асырып жатқанын атап өтті.
Олар негізінен цифрлық трансформацияға, ІТ саласына қолайлы жағдай жасауға және адами капиталды дамытуға қатысты.
Әлихан Смайылов ЕАЭО елдерінің ІТ нарығын дамытуға мультипликативтік әсер беру үшін сенімді платформа қажет екенін айтты.
Бұл тұрғыда жергілікті және аймақтық деңгейде белсенді ойыншыға айналған Astana Hub технопаркінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға болады.
Сонымен қатар Премьер-Министр «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры бүгінде Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары мен IT нарығын біріктіретін экожүйе құрғанына тоқталды.
Жалпы қор іске кіріскен жылдардан бастап индустрия 4.0, геология, металлургия және басқа салаларда құны $36 млн-нан асатын 187 жобаны қаржыландырды.
«Елдеріміздің технологиялық инкубаторларының өзара іс-қимылын біртіндеп дамыту маңызды», - деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан FinTech және GovTech-жобаларын жүзеге асыруды қамтитын мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы бағытын ұстанып отырғанын атап өтті.
Жалпы, оның айтуынша, мемлекеттің ашықтығы мен бизнес технологиясының арқасында республикада цифрлық саладағы күнделікті өмірде қолданылатын нақты нәтижелердің жоғары деңгейіне қол жеткізілді.
«Цифрландыру - еліміздің барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктер мен әділеттілікті қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі», — деді ол.
Жалпы, ол соңғы жылдары Қазақстан электронды үкіметтің даму деңгейі бойынша айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізгенін атап өтті.
БҰҰ рейтингінде республика 39-шы орыннан 28-ші орынға (2018 жылдан бастап) көтеріліп, позициясын жақсартты, ал онлайн-сервистердің қосалқы рейтингінде – 16-шы орыннан 8-ші орынға көтеріліп, әлемнің үздік 10 елінің қатарына енді.
Бұл ретте Премьер-Министр интеграцияны күшейтудің және жалпы еуразиялық ауқымдағы жобаларды іске асырудың маңызын айтты.
Оның айтуынша, осы істің тұсаукесері - Алматыдағы Еуразия экономикалық одақ шеңберінде ірі цифрлық бастамаларды қалыптастыру және жүзеге асыру алаңы Цифрлық құзыреттер орталығын құру.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов ҚР Үкіметі мемлекеттік басқаруды цифрландырудың Invisible Government сапалы жаңа тұжырымдамасына көшіп жатқанын айтты, онда мемлекеттік саясат адамның қажеттіліктері мен мүдделерін ескерілетін болады.
Нәтижесінде бұл проактивті мемлекеттік қызметтерді енгізуге серпін береді.
«Бұл ретте негізгі тәсілдердің бірі – қызмет көрсетудің мультиплатформалық қағидаты. Яғни, мемлекет «тар жер» моделінен алшақтап, бизнеске мемлекеттік қызметтерді өз платформалары мен цифрлық экожүйелеріне интеграциялауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдің пайдалы зор», - деді Премьер-Министр.
Қорытындылай келе Әлихан Смайылов байланыстың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ трансшекаралық электронды құжат айналымын дамыту тақырыптарына тоқталды.
Меймандарға eGOV Mobile, Smart Data Ukimet, Smart Industry Management Platform ірі жобалары, технопарктер, сондай-ақ бірқатар стартап, атап айтқанда, оныншы сынып оқушысы Шолпан Аманкелдінің озон қабатының жай-күйін, жерге жақын ғарыш кеңістігіндегі астрономиялық қозғалыстарды зерттеуге және жер сілкінісін болжауға арналған «Venus-Sat.kz» наноспутнигі» жобасы таныстырылды.