Коронавирус жұқтырған ақтөбелік келіншек босанды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде коронавирус жұқтырған жүкті келіншек босанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Індет жұқтырған ақтөбелікте ешқандай ауру белгісі болмады. Жоспарлы ота 12 маусымға белгіленді. Бүгін арнайы киім киген дәрігерлер тобы сәтті ота жасады.
«Анестезиолог-реаниматолог А.Назарбаев, акушер – гинеколог Ж.Дәрібай, А.Нұркен, дәрігер неонатолог А.Гумарова отаға қатысып, бәрі сәтті өтті. Салмағы 3390 гр қыз бала дүниеге келді. Баласы мен анасының жағдайы жақсы», - деп хабарлады №1 перинаталды орталық әлеуметтік желідегі парақшасында.