Коронавирустан сақтану: Қолды қалай дұрыс жуу керек

Бас инфекционист-дәрігердің кеңесі Qazaqstan Ұлттық телеарнасының телеграм-каналында жарияланды.
Айта кетсек, бұған дейін мамандар коронавирустың таралуына жол бермеу үшін алдын алу шараларын сақтау керектігін ескерткен еді. Тұрғындарға халық көп жиналатын орындарға барудан уақытша бас тартқан жөн. Сондай-ақ дәрігерлер жұқпалы дерттен қорғану үшін қолды сабынмен жиі жуып тұруға кеңес береді.
Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі 14 наурызда елордада өткен баспасөз мәслихатында Елжан Біртанов Қазақстанда екі адамның коронавирус жұқтырғанын жеткізген еді.
Көп өтпей Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға келген тағы бір қазақстандықтан коронавирус инфекциясы табылды.
Кейін Германиядан ұшып келген Қазақстанның тағы бір азаматынан коронавирус анықталды. Осылайша бұл дертке шалдыққандар саны 4 адамға жеткен еді.
Бүгін тағы екі қазақстандықтан коронавирус табылды.