08:41, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Көршісін өзі өлтіріп, өзі көмген қандықол ұсталды - Алматы облысы
ТАЛДЫҚОРҒАН. 7 қараша. ҚазАқпарат - Алматы облысында ер адамды өлтіріп, оны жерге көміп тастаған Жаркент тұрғыны ұсталды.

Марқұм денесінің мойын және кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұғылған.
Осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Тергеу барысында анықталғандай, ол бұл қылмысты екеуі бірге ішкен ащы судың әсерімен істеген. Қылмыстың ізін жасыру үшін үй иесі көп ойланбай көршісінің денесін ауланың сыртындағы шұңқырға көме салған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам Панфилов АІІБ-де қамауға алынды.