Қорықтағы бұғыларды атып өлтірген СҚО тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды
«14 қаңтарда қорықта кезекшілік жүргізген «Красный Бор» мемлекеттік мекемесінің директоры қардың үстінде іздерді байқап, учаскелік полиция қызметкерін шақыртты. Келіп жеткен тергеу-жедел тобы полицияның табиғатты қорғау полициясының инспекторы және кинолог инспектормен бірге Қарағаш ауылының маңында, жолдан шамамен 200 метр жерде екі бұғының тұтас етін тапты. Жабайы жануарлар атылған, алып кету үшін мүшеленген», - деп ақпараттандырды Есіл АІІБ-нің бастығы Абай Тастеміров.
Өткізілген жұмыс, сондай-ақ куәгерлерден сұрастыру нәтижесінде тәртіп сақшылары сол күні аңшылыққа шыққан Қарағаш ауылының тұрғынын анықтады.
Ер адам «Красный Бор» мемлекеттік мекемесінің қорғауға алынған аумағына дейін атпен жетіп, өзімен бірге «ИЖ-17» тегіс оқпанды мылтығын ала келген. Қорық аумағында бұғыларды көреді. Ұсталған азаматтың айтуынша, бірін сол жерде атып өлтірсе, екіншісін қуып жүріп ұстаған.
Жануарлардың тұтас етін орманда қалдырған ер адам оны алып кету үшін шанамен оралды. Оның айтуынша, бұғылардың етін бөлшектеген кезде ауылда полицейлердің жүргенін естіп, жауапкершіліктен қорыққан. Өзіне түсуі мүмкін күдіктен арылту үшін, ол таңертең ерте етті далаға апарып, жолшыбай мылтығын лақтырып жіберген.
41 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 337 бабымен («Заңсыз аң аулау») қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары келтірілген шығынның мөлшерін есептеуде.