Көші-қон режимін бұзған 200 мың шетел азаматы жауапқа тартылды — ІІМ

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанға келетін шетел азаматтарының дені көші-қон ережесін сақтайды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов мәлім етті.

Көші-қон режимін бұзған 200 мың шетел азаматы жауапқа тартылды — ІІМ
Фото: polisia.kz

— Елімізге келетін шетел азаматтарының 97% заң мен көші-қон режимін сақтайды. Әрине, заң бұзылған жағдайда жауапкершілікке тартылады. Биыл ішкі істер органдары 200 мың шетелдікті жауапқа тартты, оның ішінде 46 мың шетелдік елде болу тәртібін бұзған. Соның ішінде 10 мың шетел азаматына Қазақстанға 5 жылға дейін кіруге тыйым салынып, елден шығарылды, — деді Бауыржан Әленов Үкімет отырысында.

Одан бөлек елімізде 2 мың жұмыс беруші шетелдің жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылған.

— Шетел азаматтарын жұмысқа алу қағидасын бірнеше рет бұзғандарға қатысты 7 қылмыстық іс қозғалды. Осы орайда, ескеретін жайт, қылмыстық құқықбұзушылық жасағандар жазасыз қалмайды, — дейді Ішкі істер министрдің бірінші орынбасары.

Бұған дейін шетел азаматтары Қазақстанға қандай мақсатпен жиі келетіні туралы жазған едік

Айта кетейік, биыл 1 млн-ға жуық шетел азаматы Қазақстанға келуге өтініш берген

Сондай-ақ Премьер-министр көші-қон саясатын жетілдіруге қатысты министрлерге бірнеше міндет жүктеді

Соңғы жаңалықтар