Көшеде аңшы мылтығымен ойқастап жүрген азамат ұсталды

деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
«Құқық қорғау» ЖАШ өткізілген екі күн ішінде Қарағанды облысының полиция қызметкерлері бұрын жасалған 20 қылмысты ашты, іздеу жарияланған 9 адам ұсталды. Сонымен бірге, тыйым салынған заттарды сақтап, алып жүргені үшін 34 адам құрықталды, оның ішінде 11-і есірткі заттарын сақтап келген, екеуі - жарылғыш заттар мен қару-жарақ, 10-ы суық қаруды алып жүрген», - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, Қарағандыда полицейлер қалада 16 калибрлі аңшы мылтығымен жүрген 20 жастағы жігітті ұстады. Сонымен бірге, облыс орталығында осыған дейін істі болған 27 жастағы ер адам қолға түсті, одан нөмірлік белгісі жоқ 8 миллиметрлі «Магнум» газбен ататын тапаншасы тәркіленді. Теміртау қаласы мен Ақтас кенті тұрғындарынан қолдан жасалған суық қарулар алынды. «Әрбір жағдай бойынша сараптама тағайындалды», - деп қосты облыстың ІІД баспасөз қызметінен.