02:43, 10 Қараша 2017 | GMT +5
Көшедегі спорт алаңында жаттығу жасаған ақтөбелік әжелер көпшілікті таңқалдырды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы Абай даңғылына биыл жаттығу жасайтын спорт алаңы салынды. Әжелердің жаттығуын көрген ақтөбеліктер қарияларға таңқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбеде 34 саябақ ашылатынын, әр сала қызметкерінің өз алаңы болатынын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Қала ішіндегі Абай даңғылына спорт алаңы салынып, түрлі жаттығуға арналған тренажерлар қойылды. Әдетте бұл алаңда жастар мен балалар ойнап, бұлшық етке арналған жаттығу жасайды. Бұл жолы ақтөбелік әжелер көпшілікті таңқалдырды.
Респект нашим Актюбинским бабушкам🤘 дай Аллах им долгих лет жизни и крепкого здоровья!
Желі қолданушылары қариялардың амандығын тілеп, жастар ғана емес, қариялар да денсаулығына мұқият болуы керек екенін айтты.