Көшіруге жол жоқ – Павел Дуров мақтаған қазақстандық стартап не туралы

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада Astana Hub Battle байқауы өз мәресіне жетті және халықаралық сарапшылар үздік бастамаларды марапаттады. Әсіресе Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров астаналық стартапшы Нұрәлі Сарбақыштың «TrustExam» жобасын ерекше атап өткен болатын. 25 жасар қазақстандық білім саласында емтиханның әділ өтуін қадағалайтын жобасы туралы кеңірек айтып берді.

стартапшы Нұрәлі Сарбақыш
Фото: Айжан Серікжанқызы

Қазір жоба Канадада, АҚШ-та, Ұлыбританияда жұмыс істейді және миллиардтаған табыс әкелетін ірі мемлекеттік келісімшарттарға бағытталған.

– Жаһандық емтихан индустриясының көлемі 115 млрд долларға жетеді. Бірақ мұнда ең кең таралған құбылыс – көшіру. Сондықтан біз ЖИ негізінде «TrustExam» жобасын жасадық, онда компьютер мен смартфонды ғана пайдалану арқылы іске асатын қарапайым нәрселер мен шешімдерді ұсынамыз. Бес жыл бұрын Қазақстанда кәсібімізді бастадық және қазір елдегі екі ең ірі емтихан орталығына қызмет көрсетіп отырмыз. Бұдан кейін біз АҚШ-тағы Кремний алқабына көштік, онда біз Стэнфорд университетінің StartX сияқты түрлі бағдарламалармен жұмыс істеуге болатынын түсіндік. Қазіргі таңда 2 миллион адам біздің қызметтерімізді қолданады, тағы 2 миллион адам осы жылы біздің қызметтерді пайдалануға шешім қабылдады, – деді Н. Сарбақыш Astana Hub Battle байқауында.

Қазақстандық стартапшы жобасы қазір автобустар мен таксилерді жүргізуге лицензия алу үшін әртүрлі емтихан тапсыратын 4 миллион халықпен жұмыс істейді.

– Біз өз ЖИ-моделімізді оқыттық, екі миллионнан астам емтихан сессияларын жүктедік, функционал жасақтадық, соның арқасында жүйе GenAI көмегімен күмәнді іс-әрекетті анықтай алады, – дейді спикер.

Сонымен бірге, TrustExam жобасы 120 мың емтиханды тегін өткізеді, бұл балаларға түрлі олимпиадалар мен байқауларға дайындалуға көмектеседі. Мысалы, Қазақстанда ауыл балаларына кодтау бойынша байқауға қатысуға мүмкіндік берген.

Айта кетейік, Павел Дуров жеңімпаз қазақстандық стартапшыдан шеберлік сабағын алу керегін айтқан еді.

Биылғы стартаптар байқауға Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және басқа елдерден келген 80 стартап өздерінің инновациялық жобаларын таныстырды. Нәтижесінде алты жоба жеңімпаз атанды және әр команда 25 мың АҚШ доллары көлемінде грант алады.

 

Соңғы жаңалықтар