Қосшыда Binom School мектебі ашылады
АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында Қосшы қаласында Binom School жүйесіндегі мектеп салынатынын айтты.
— Қосшыдағы үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешілді. Тек ол қалада ғана емес, бүкіл Ақмола облысында бір де бір үш ауысымды немесе апаттық күйдегі білім орны жоқ. Қазір Қосшы қаласында 8 мектеп бар. Кейінгі жылда 3 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде 1,5 орындық мектепті кәсіпкерлер салып берсе, одан бөлек 1,5 орындық тағы екі мектеп бой көтерді. Енді «Ынтымақ» тұрғын үй кешенінің жанынан мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында тағы бір мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Ол білім ұясы Binom School жүйесімен жұмыс істейді. Инвестор мектептің ішін жабдықтап, алғашқы бес жыл мұғалімдердің жалақысын төлеуге міндеттеме алып отыр, — деді облыс әкімі Марат Ахметжанов «Уәде» бағдарламасында.
Сондай-ақ аймақ басшысы Қосшыдағы халық саны ресми деректе 60 мыңнан асқанымен, шын мәнінде 120 мыңға жеткенін айтты.
Айта кетсек, Қосшы қаласындағы сақалды құрылысқа айналған «Сиреневый сад» құрылысы қайта жаңғырып, 371 пәтер пайдалануға берілгенін жазғанбыз.