Қосшыда жол жиегінен нәрестенің денесі табылды

АҚМОЛА. KAZINFORM – Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласында жол жиегінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Полиция аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын хабарлады.

Қосшыда жол жиегінен нәрестенің денесі табылды
Фото: Kazinform

Бұл туралы ақпарат алғаш рет әлеуметтік желілерде тарады.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жол шетінде жатқан пакеттің ішінен шамамен 6-7 айлық шарананың денесі табылған.

Осы жайтқа байланысты облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

– Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тиісті тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр, - деп мәлімледі Ақмола облыстық ПД.

Айта кетейік, бұған дейін Семей қаласында қоқыс жәшігінен шақалақтың денесінің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалған еді.

Соңғы жаңалықтар