Қостанай облысында ауыл мектебіндегі суыққа байланысты ата-аналар шағымданды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Урицк жалпы білім беретін № 1 мектебі оқушыларының ата-аналары жылу жүйесіне қатысты мәселелерге шағым айтты. Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

отопление жылыту
Фото: Kazinform

Жекелеген оқу кабинеттеріндегі температура аса төмен, қауіпті деңгейге дейін түсіп кетеді. Ата-аналардың айтуынша, мұндай жағдай жыл сайын қайталанып келеді.

Білім басқармасында мектеп бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленгенін хабарлады. Тиісті бюджеттік өтінім облыстық бюджеттік комиссияның қарауына жолданған.

Сонымен қатар аталған білім беру мекемесі 2026 жылға арналған білім нысандарын жаңғырту жөніндегі бекітілген жоспарға енгізілген.

Бұған дейін Сарыкөл ауданындағы ауруханада да суыққа қатысты шағымдар түскен. Тұрғындардың айтуынша, жөндеу жұмыстарынан кейін кейбір бөлмелерде ауа температурасы төмен көрсеткіштерге дейін түсіп кеткен.

Айта кетейік, Қостанай облысында құрылыс талаптарын бұзған компаниялар жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум