Қостанай облысында жиырма ауылдық өрт сөндіру бекеті жұмыс істемейді
ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Құтқарушылардың айтуынша, бұл жағдай облыстағы ауылдар мен елді мекендерде өртке жедел ден қоюға қауіп төндіреді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Қостанай облысының мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ 46 шалғай елді мекенде өрт сөндіру бекеттері құрылды. Соңғы бес жылда олар 115 өрт пен өртенуге қарсы әрекет етті. Бірақ 20 өрт сөндіру бекетінде техника ақаулы күйде. Бұл өңірдегі ауылдар мен елді мекендерде өртке жедел ден қоюға қауіп төндіріп отыр.
— Ең көп ақаулы техника Ұзынкөл ауданында тіркелді — бірден 3 бекет. Денисов және Сарыкөл (ЖШС банкрот болуына байланысты), Қарабалық, Қостанай, Науырзым аудандарында, сондай-ақ Арқалық қаласында 2 ақаулы бекеттен бар. Алтынсарин, Меңдіқара және Қамысты аудандарының әрқайсысында бір-бір ақаулы бекет бар, — деп хабарлады ведомстводан.
Мамандар өрт маусымы жағдайында техниканың жұмысқа жарамдылығы мен учаскедегі дайындығы мәселесі өзекті болып отырғанын атап өтті. Мәселені шешу үшін жергілікті атқарушы органдар, ТЖ басқармасы және ауылдық әкімдіктер арасында үйлестіру қажет.
Бұған дейін Экология министрі өрт қауіпсіздігін әуеден күзетуге бөлінген қаражат жетпеуіне байланысты Премьер-министрден көмек сұрағанын жазған болатынбыз.