Қостанай облысында жол апатынан үш адам мерт болды

АСТАНА. KAZINFORM – Қостанай облысында жол апатынан 6 адам зардап шекті. Апат салдарынан 3 адам мерт болды және 3-уі ауруханаға жеткізілді. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Алматы
Фото: Kazinform

- Алдын ала мәлімет бойынша, 16 желтоқсан күні түстен кейін Қарасу ауданы Герцено кентінен 10 шақырым жерде «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолында Volvo және Toyota Alphard автомобилі қақтығысып апат болды. Жол апатынан жарақат алған 3 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы үшеуі Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды, - делінген хабарламада. 

Өңірлік полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу әрекеті) бойынша тергеуді бастады.

Еске сала кетейік, Қостанай облысы Рудный қаласында жол апатынан соң, автобус жүргізушісі өз-өзіне қол салған еді. 

Соңғы жаңалықтар