00:46, 12 Қаңтар 2026 | GMT +5
Қостанай облысында жол ашылды
ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Қостанай облысында көлік қозғалысы жанданғанын хабарлады.
– 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 00:00-де «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 8-218 шақырым аралығындағы (Тобыл қаласы - Октябрьское ауылы) учаскесінде барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашылады, - делінген хабарламада.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұған дейін күн райының бұзылуына байланысты үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жазған едік.
Дүйсенбі күні елдің барлық аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.