21:04, 27 Наурыз 2026 | GMT +5
Қостанай облысында жол жабылды
АСТАНА.KAZINFORM - ҚазАвтоЖол Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
– 2026 жылғы 27 наурыз сағат 22:00-де тасқын салдарынан судың көтерілуіне байланысты (ұзындығы 70 м, биіктігі 20 см) «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 0-9 шақырым аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 05 сәуір сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Айта кетейік, Ақмола облысында қар суы жолды шайып кетті.
«ҚазАвтоЖол» мекемесі рспубликалық маңызы бар жолдарда су басу қаупі жоғары учаскелер туралы ескертетін ақпараттық паннолар орнатып жатыр.