Қостанай облысындағы ақылы жолдарда жылдамдықты автоматты тіркеу енгізіледі

АСТАНА. KAZINFORM – 16 қаңтардан бастап Қостанай облысындағы ақылы автожолдарда жылдамдық режимін бұзуды автоматты түрде тіркейтін «Зерек-2» кешендері жұмыс істей бастайды.

Автофиксацию скорости введут на платных трассах Костанайской области
Фото: Қостанай облыстық ПД

Аталған жүйелер KAZ19 «Қостанай-Денисовка» және KAZ03 «Қостанай-Ресей Федерациясының шекарасы» автожолдарының учаскелерінде, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына тиесілі кіреберіс қондырғыларға орнатылған.

Полицияның мәліметінше, «Зерек-2» кешендері көлік құралдарының белгіленген жылдамдықты асыру фактілерін автоматты түрде тіркеуге арналған. Бақылау Қазақстан Республикасының жол қозғалысы қағидаларының талаптарына қатаң сәйкес жүргізіледі.

Жылдамдықты тіркеу кешендері орнатылған нысандар мына учаскелерде орналасқан:

  • «Қонай» тұрғын алабы маңында – 545 км;

  • Б. Майлин ауданы елді мекендері маңында:

    • Юбилейный кенті – 501 км;

    • Тобыл кенті – 457 км;

    • Денисовка ауылы маңында – 385 км;

  • Қарабалық ауданы бағыты бойынша:

    • Қайрақ бекеті – 379 км;

    • Тоғызақ кентіне бұрылыс – 424 км;

    • Озерное кенті маңында – 499 км.

Тіркелген барлық әкімшілік құқық бұзушылықтар автоматты түрде «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесіне жолданады.

Қостанай облысының полиция департаменті жүргізушілерді белгіленген жылдамдық режимін және жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырды. Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл кешендерді енгізу жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және өңірдегі трассаларда қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Бұған дейін Қостанай облысында жол жөндеу саласындағы заңбұзушылықтар жойылғаны туралы хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар