Қостанай облысындағы дала өрті толық сөндірілді

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Қостанай облысында орын алған дала өрті толығымен сөндірілді, деп хабарлайды ТЖМ.

Қостанай облысындағы дала өрті толық сөндірілді
Фото: Видеодан алынған скрин

Өртті ауыздықтауға Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің күштері, әкімдік пен жергілікті атқарушы органдар, екінші құтқару батальоны, аумақтық қорғаныс әскери бөлімдері, Ұлттық ұлан, полиция академиясы және орман шаруашылығы қызметкерлері жұмылдырылды.

Сондай-ақ ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы қолданылды.

- Жалпы алғанда, 550-ден астам адам және шамамен 80 техника бірлігі тартылды, - деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, Батыс Қазақстанда 400 тонна пішен өртеніп кетті.

Соңғы жаңалықтар