Қостанай облысында 14 мың жаңа жұмыс орны ашылады – Архимед Мұхамбетов

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде 2020 жылы 53,7 млрд теңгеге 284 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Бұған дейін өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің облыстық мәслихат депутаттарына есеп бергені хабарланды.

Архимед Бегежанұлы инвестициялық жобалар, шағын және орта бизнесті қолдау шаралары, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, ТКШ жүйесін, жұмыспен қамтуды, денсаулық және білім беру салаларын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

«Аймақта 74 әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 16,6 млрд теңге, 45 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне 13,5 млрд теңге, 149 инженерлік-көлік инфрақұрылым жобаларына 19,3 млрд теңге, елді мекендерді абаттандыру бағытындағы 16 жобаға 4,4 млрд теңге жұмсалады. Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы 14 340 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етеміз. Жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша 7 170 жұмыссыз азамат іске тартылады. Жұмыстар аяқталғаннан кейін 614 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда», - деді Архимед Мұхамбетов.

Өңір әкімі «Еңбек» бағдарламасының орындалуы туралы да сөз етті.

Айтуынша, осы мақсатта 9,2 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат былтырғыдан 1 млрд теңгеге артық. Қаржының еселенуі тиісінше жұмыс орнының көбеюіне ықпал етеді. Мәселен, 2020 жылғы 1 тамыздағы мәлімет бойынша облыста 18749 жұмыс орны құрылған.


Соңғы жаңалықтар