Қостанай облысында 598 елді мекеннің тек 70-ке жуығы ғана газбен қамтылған - әкім

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысына қарасты 598 елді мекеннің 63-і, яғни тек 10,5 пайызы табиғи газбен қамтылған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов мәлім етті.
None
None

«Өңірдің әлеуметтік экономикалық тұрақтылығы үшін энергетикалық және тұрғын үй коммуналдық жүйені жақсарту керек. Аймақтағы елді мекендерге газ тарту ісі қала азаматтары үшін қолайлы әрі бизнестің дамуы үшін қосымша серпін береді. Бүгінде аймақтағы 598 елді мекеннің 63-і, яғни тек 10,5 пайызы табиғи газбен қамтылған. Қашар елді мекеніне магистральді газ тартылды. Ал, Федоровка елді мекеніне газ тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Елді мекендерді газбен қамту үшін былтыр Қостанай облысы әкімідігі, «ҚазМұнайГаз» АҚ мен «ҚазТрансГаз» АҚ арасында үш жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Осы меморандумның аясында 2016 жылдан бастап, 8 жаңа елді мекенге газ тарту жұмыстары басталады»,-деп хабарлады әкім.
А.Мұхамбетов хабарлағандай, осы мақсатқа тартылған инвестицияның жалпы сомасы 11 млрд теңгені құрайды. Оның 9 млрд теңгесі - Ұлттық компанияның қаржысы болса, 2 млрд теңгесі облыстық бюджеттен бөлінеді.
«Шамамен 20 мың адам тұратын Әулиекөл және Аманқарай аудандарына, 12 мың тұрғыны бар Қашар ауданына алғаш рет газ тартылғалы тұр. Сонымен қатар, Октябрьский, Лисаковск, Антонвока, Алчановка қалалары мен Қарабалық аудандарының тұрғыны толықтай газбен қамтылады. Сондай-ақ, Рудный қаласының бірнеше ауданына да газ тартылады. Жалпы алғанда, орталықтандырылған газ жүйесіне қол жеткізетін халықтың үлесі 65 пайызға жетеді»,-деп түсіндірді әкім.

Соңғы жаңалықтар