Қостанай облысында әлеуметтік тұрғын үй салу үшін қосымша қаржы бөлу мәселесі Үкімет қарауында - А.Мұхамбетов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазір Үкімет Қостанай облысында әлеуметтік тұрғын үй салу үшін қосымша қаржы бөлу мәселесін қарастыруда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов мәлім етті.
None
None

«Облыс халқын баспанамен қамту - өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет тарапынан қолдау көп болғанымен, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін 23,1 мың адам кезекте тұр. Соның ішінде Қостанай қаласында - 11 мың адам»,-деді әкім.

Жалпы, аймақ басшысының ақпаратына сүйенсек, 2015 жылы 249 мың шаршы метр баспана салынған. Осылайша, 1861 отбасы баспана мәселесін шешкен.
«Алайда, бұл шаралар мәселені толық шеше алмады. Сондықтан, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы компаниясы» АҚ-мен Меморандумға қол қойдық, бұл ынтымақтастық қолжетімді баспана салуға мүмкіндік береді. Қолжетімді тұрғын үй салу үшін Әуежай шағын ауданында 82,5 мың шаршы мер жер бөлінді», - деді А.Мұхамбетов.
Ал, Рудный, Лисаковск қалалары мен Қашар кентіндегі кәсіпорын жұмысшыларын баспанамен қамтамасыз ету үшін «ERG» компаниясымен меморандумға қол қойылған екен. «Бұл меморандумда жалпы аумағы 18 мың шаршы метр болатын 5 тұрғын үй салу жоспарланған.
Осылайша, 300 отбасыға үй бермекпіз. Сондай-ақ, Үкімет әлеуметтік тұрғын үй салу үшін қосымша қаржы бөлу мәселесін қарастырады»,-деп хабарлады А.Мұхамбетов.

Соңғы жаңалықтар