Қостанай облысында жергілікті полиция қызметінің басшысы тағайындалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі А.Мұхамбетовтің Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарымен келісу бойынша шығарған өкімімен Ысмағұлов Нығмет Әуезханұлы жергілікті полиция қызметінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлайды.
None
None

Ысмағұлов Нығмет Әуезханұлы 1970 жылы Торғай облысында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. 2002 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1996 жылы Қостанай қалалық ішкі істер бөлімінің қылмыстық іздеу бөлімінің жедел уәкілі қызметінен бастаған. 1997 жылдың наурыз айынан бастап 2005 жылдың маусымына дейін Қостанай қалалық ішкі істер бөлімінің түрлі жедел қызметтерінде жұмыс істеген.

2005 жылдың шілде айынан бастап 2007 жылдың қазанына дейін Қостанай облысы бойынша экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар департаментінде қызмет еткен.

2007 жылдың қазан айы - 2011 жылдың маусымы - Қостанай облысы ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасында аға жедел уәкілі, бастықтың орынбасары.

2011 жылдың маусым айы - 2012 жылдың маусымы - Әулиекөл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы.

2012 жылдың маусым айынан бастап Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің Қостанай қалалық ішкі істер басқармасының бастығы қызметін атқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар