16:08, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Қостанай облысының ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінген қаржысы 20 миллиард теңгеден асты
ҚОСТАНАЙ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - 2008 жылы Қостанай облысының ауыл шаруашылығын қолдауға барлық қаржы институттарынан, соның ішінде «ҚазАгро» холдингіне кіретін құрылымдардан бөлінген қаржы 20 млрд. теңгеден асты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Республикалық бюджеттен едәуір қаржы ? 13 млрд. теңге құйылды.Бұл деректерді Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин облыс халқы өкілдерімен есепті кездесуінде келтірді. Әкімнің айтуынша, мемлекет қолдауы егіс алқаптарының 70 пайызында ылғал сақтайтын технологияларды пайдалануға мүмкіндік берді. «Бұл ? Қостанай облысы үшін «серпінді жоба» болды, - деп атап өтті әкім. - Өткен жылғы қысқы-көктемгі кезеңде ылғалдың жеткіліксіз әрі жаздың ыстық болуына қарамастан 5,2 млн. тонна астық жиналды, гектар берекесі 12,7 центнерден айналды». Әкімнің атап өткеніндей, техника паркі де жаңара түскен. Оның айтуынша, 2004 жылдан бері трактор паркі 1,7 мың бірлікке, комбайндар ? 2,5 мыңға жаңарған. Барлығы 68,5 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Техника сатып алуда республикалық көрсеткіште Қостанай облысының үлесі тракторлар мен комбайндар бойынша - 37%, егіс кешендері бойынша - ? 39% болды.Ал 2007 жылы астық экспорты жөнінен республикалық көрсеткіштегі Қостанай облысының үлесі 36 пайыз (2 млн. 154 мың тонна) болды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 40 пайыздан асты. 2009 жылы ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дәнді дақылдардың егіс көлемін 107 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр.