Қостанай сәбилер үйіне нәрестесін тастап кеткен әйел табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай полициясы «Делфин» сәбилер үйіне баласын тастап кеткен әйелдің кім екендігін анықтады. Бұл Қостанай облысы ІІД жедел басқармасына белгісіз біреудің қоңырау шалғанынан кейін мүмкін болды.
None
None

Хабарласқан жан сырт әлпеті ұқсас бала шешесімен және әпкесімен бірге қаладағы жатақханалардың бірінде тұратындығын айтқан. Полиция көрсетілген мекенжайға барып әйелді тапты. Ол «Делфин» аумағына сәбиді тастап кеткенін мойындады.

Әйелдің айтуынша, бұл қадамға ақшасы жоқтықтан барған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, шамамен 1,5 жастағы бүлдіршін кешқұрым Сәбилер үйінің аумағынан табылған.

Қазіргі уақытта баланы тастап кеткен ананың үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар