Қостанайда қар жауып, бірқатар аудан жарықсыз қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Қостанайдың үш ауданы ауа райының қолайсыздығынан жарықсыз қалды.

Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімшілік орталықтың үш ауданы электр қуатынсыз қалды.
— Назарбаев көшесіндегі 10 кВ электр желісі істен шықты, Карбышев — Интернационалист жауынгерлер көшесі, сондай-ақ АвтоЦОН маңында электр желісі үзілді. Апаттық желіде алты бригада жұмыс істеп жатыр.
Әкімдік әзірге жарықсыз қалған тұрғындардың нақты санын айта алмайды.
Қостанайлық коммуналдық қызметтер көшелердегі сынған ағаш бұтақтарын тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
— Аулаларды тазалауға Пәтер иелерінің кооперативі мен Меншік иелерінің бірлестігі жауапты. Зақымдалған ағаштардың саны тазарту жұмыстары аяқталғаннан кейін анықталады, — деп қосты ведомство.
Айта кетейік, бүгін Қостанай облысында алғашқы қар жауды.