Қостанайда мал іздеуге шығып жоғалып кеткен ер адам табылды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін құтқарушылар 21 қарашада Жангелдин ауданында жоғалып кеткен 1979 жылғы ер адамды тапты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

МЧС РК,  ҚР ТЖМ
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Ведомство атап өткендей, ол мал іздеу үшін мотоциклмен шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Телефонының болмауы іздестіру жұмыстарын айтарлықтай қиындатты. Іздестіру жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары мен күштері жұмылдырылды.

Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері және ауыл тұрғындары да қатысты.

Іздеу-құтқару тобының жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында азамат аман-есен табылды. ТЖМ-нің қызметкерлері азаматты Жангелдин ауданы Шилі ауылынан 35 шақырым қашықтықта, Ақжар елді мекенінің маңындағы ашық далада тапты. Азаматтын денсаулығына қауіп жоқ, медициналық көмекті қажет етпейді, — делінген хабарламада.

ТЖМ шалғай аймақтарға шыққанда жақындарыңызға өз бағытыңызды және болжалды қайту уақытыңызды міндетті түрде хабарлау қажеттігін еске салады. Бұл сіздің өміріңізді сақтап қалуға көмектеседі.

Бұдан бұрын Ақтөбеде бір күн бұрын хабарсыз кеткен ерлі-зайыптының денесі табылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар