Қостанайда мас жүргізуші бағанаға соғылып, бейнебақылау камерасын сындырды

ҚОСТАНАЙ. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Қостанайда мас жүргізуші ІІД-нің Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы орнатылған бағанаға соғылды. Жерге құлаған камера қирап қалды.
None
None

ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, келтірілген шығын көлемі бір миллион теңгеден асады.

Оны ұстауға ЖБО-дан облыс орталығы бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзып, үлкен жылдамдықпен жүрген мини-вэн көлігі туралы тұспалдау алған жол полициясы батальонының қызметкерлері жұмылдырылды.

«Қозғалыстың қарсы жолағына шыққан жүргізуші тоқтау белгісін елемеді. Бағдаршамның қызыл түсіне екі рет өткен ол өзін қуған полиция көліктерінен қашып құтылмақшы болды. Волынов көшесіне бұрылу кезінде көлік бағанаға соғылды. Онда орнатылған бейнебақылау камерасы бүлінді», - деп баяндады ІІД-нің баспасөз хатшысы Елена Кашарина.

Полицейлер оқиға орнына «жедел жәрдем» көлігін шақыртты. Зардап шеккен бұзушы, қостанайлық 56 жастағы тұрғын ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар