18:33, 22 Қазан 2015 | GMT +5
Қостанайда полицейлер бірнеше пәтер тонаған күдіктілерді ұстады
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай ІІБ қызметкерлері облыс орталығында бірнеше пәтерді тонаған күдіктілерді қолға түсірді. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

19 қазанда ұры Текстильщиков даңғылы бойындағы коттеджге терезе арқылы кіріп, бағалы заттарды жымқырған.
Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 21 қазанда жедел уәкіл Аян Шаяхметов 35 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Ұсталған 8 қазанда ғана түзету мекемесінен бостандыққа шыққан.
Қазіргі таңда ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді.
Тағы бір ірі ұрлық 20 қазанда Павлов көшесі бойындағы коттеджде орын алды.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Полицейлер ұрланған заттарды сатып алған адамды да тапты. Одан 350 ұялы телефон тәркіленді.